Лондонда өткен Дүниежүзілік білім форумында Қазақстанның жасанды интеллектке негізделген жаңа әдістемесі – «Айсана» бағдарламасы халықаралық қауымдастыққа таныстырылды.
Отандық студенттерді жаппай нейрожеліге баулу әдістемесі бұған дейін АҚШ-тағы MIT университетінде және Біріккен Араб Әмірлігіндегі білім конференциясында көпшілік назарына ұсынылған еді. Қазақстаннан бөлек, АҚШ пен Қытай сияқты алпауыт елдер ғана өскелең ұрпаққа жасанды интеллектті үйретуді қолға алып отыр — аспан асты елінде 6 жастан, Америкада студенттік кезеңнен осы алгоритмге баулиды.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Осы жылдан бастап, бүкіл жоғарғы білім саласындағы студенттер жасанды интеллект курстарын алуға міндетті. 650 мың студентіміз бірден осы бағдарламаны бастады. 3 айдың ішінде 308 мыңнан астам студентіміз жасанды интеллект саласында оқуын тәмамдап, сертификаттар алды.
Марина Бекенова
