Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылы аясында, ауқымды шаралар ұйымдастырылып, жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Соның бірі Ақтауда «Жаңартылған энергетика-жаңа мүмкіндіктер мен талаптар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметкерлері қатысып, шетелдік ғалымдар онлайн режимде атсалысты. Мамандар энергияның балама көздерін табу бойынша ғылыми ізденістерін ортаға салып, ұсыныстарды талқылады. Бүгінде аймақта күн сәулесінен және желден энергия алатын жобалар іске қосылуда. Энергетика саласына маман дайындайтын 3 колледж жұмыс істейді. Соның ішінде энергетикалық колледж былтыр электрмен қамту бойынша жаңа мамандық ашып, бір топ студент пен оқытушыларды шет елде тағылымдамадан өткізген.
Жәния Сармурзина, облыстық Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы:
Жұмысшы мамандықтар жылы - біз үшін жаңа серпін берді. Жаңа мамандықтар ашу, құзыреттілік орталықтарын ашу. Қандай кадр керек, өндіріс орындарына, өндіріс ошақтарына. Біз қалай дайындауымыз керек? Қазіргі біз экономиканың қарқынды дамуы оның ішінде энергетика саласы нағыз трансформацияда тұр деп айта аламын. Себебі, біз жаңа энергия көздерін іздеп жатырмыз.
Аягөз Оралбайқызы
