Белгілі журналист Диас Ахметшәріп өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп өмірден озды

23.05.2025

Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізге белгілі журналист Диас Ахметшәріптің мезгілсіз дүниеден озуына байланысты жақындарымен, қаламдас әріптестеріне көңіл айтады. Белгілі спорт комментаторы Диас Ахметшәріп өмірінің 25 жылдан астам уақытын спорт журналистикасына арнады. Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жыл «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде қызмет етті. «Qazsport» телеарнасын басқарды. Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы болған. Кейінгі жылдары Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, ал 2023 жылдан бастап Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі кеңестің құрамында болды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу