Қазақстан мен Сауд Арабиясының архив қоры арасында меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігінің архив қоры бірлесіп жұмыс істейді. Бүгін арнайы меморандумға қол қойылды. Келісім еліміздің Ұлттық архиві мен Король Әбделазиз атындағы ғылыми зерттеу және архив қоры арасында жасалды. Король Әбделазиз қоры - Таяу Шығыс аймағындағы архив ісінің ең беделді мекемелерінің бірі. Меморандум мақсаты - бірлескен жобаларды жүзеге асырып, тәжірибе алмасу. Екі елдің тарихи жадын, ғылыми ізденістерін болашақ ұрпаққа насихаттау. Сауд Арабиясы - рухани мұрасы терең, ислам өркениетінің ордасы. Халықаралық ынтымақтастық еліміздің архив ісінің сапалы дамуына, ортақ жобалар мен ғылыми зерттеулердің жүзеге асуына жол ашпақ.
Сағила Нұрланова, ҚР Ұлттық архивінің директоры:
Екі елдің арасында құжат алмасу көзделген. Араб елінің тарихына қатысты құжаттарды Қазақстаннан анықтайды, біз өзіміздің Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтаймыз. Және ғылыми зерттеу бойынша бізде әлі зерттеуге зәру құжаттар бар. Мәселен, біздің Ұлттық архивте 1154 жылы Араб картографының салған картасы бар. Мысалы, сол карта әлі зерттеуге зәру.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22