Елімізде трансплантацияланатын ағзаны сақтайтын бірегей құрылғы шығарылады
Елімізде трансплантацияланатын ағзаны ұзақ сақтайтын бірегей аппарат шығарылады. Астанада зауыттың құрылысы басталды. Қазақстандық кардиохирургтер әзірлеген теңдессіз құрылғы донорлық органдарды сақтау мерзімін 6 есе ұзартып, Орталық Азия бойынша трансплантация географиясын кеңейтпек. Инновациялық аппарат соғып тұрған жүректі ғана емес, өкпе, бауыр және бүйрек сияқты ағзаларды өміршең күйде 24 сағат сақтауға, алысқа тасымалдауға және олардың инфекция жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, соңғы 13 жылда 100 жүрек трансплантациясы жасалған, алайда жыл сайынғы қажеттілік – 200 ота. Кезек күткендердің арасында жасөспірімдер мен балалар бар.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02