Маңғыстауда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Маңғыстауда мыңнан астам салымшыдан заңсыз 9 миллиард теңге жинаған «Sax Invest» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жалғасуда. Компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар және Африкада алмаз өндіреміз деп таныстырған. Алайда қаражаттың көп бөлігі пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылған. Ол оның 2 миллиард теңгесін казиноға, 53 миллион теңгесін қызының Лондондағы оқуына және 377 миллион теңгені шетелде демалуға жұмсағаны анықталды. Одан бөлек, Атыраудан 70 миллионға екі пәтер алып, 120 миллион теңгеге жеке үй салып алған. Мендығалиевке былтыр халықаралық іздеу жарияланды. Бүгінде пирамиданы басқарған 10 адамның жетеуі қамауға алынып, 600 миллион теңгенің мүлкіне тыйым салынған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05