Академик Р.Нұрғалидың 85 жылдығына орай конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Р.Нұрғалидың 85 жылдығына орай конференция өтті

21.05.2025

Ғалымның ғылыми мұрасына құрмет білдіру. Астанада көрнекті әдебиеттанушы, академик Рымғали Нұрғалидың 85 жылдығына арналған «Қазіргі әдебиеттану: теориялық мәселелер және жаңа парадигмалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бас қосқан қауым Рымғали Нұрғалидің рухына тағзым етіп, оның қазақ әдебиеттануына сіңірген өлшеусіз еңбектерін сөз етті. Әдебиет теориясы мен драматургия саласындағы іргелі зерттеулері, сондай-ақ қазіргі гуманитарлық ғылымға қосқан үлесі жан-жақты талданды.

Сәмен Құлбарақ, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Рымғали Нұрғали ағамыз ұлттық әдебиеттануға ерекше еңбек сіңірген адам. Әсіресе бұл кісінің үлкен еңбегі – әдебиеттанудағы теориялық мәселелерін терең, жан-жақты қарастыратын. Драматургияның теориялық мәселелері – бұл біздің ғылымымызға қосқан үлкен теориялық жаңалық болды. Көше аттарын беру, тек қана Астана, Алматыда ғана емес, туған жері Семейде, Шығыс Қазақстан өңірінде аттары берілу тиіс.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу