Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді. Президент Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, былтыр Будапештке жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен атап өтті. Оның аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімге қол қойылған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің маңызына тоқталып, еліміз ұйым қызметінің барлық басым бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға бейіл екенін растады. Ал Виктор Орбан сапармен келгені үшін Қазақстан басшысына алғыс айтып, соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастық, әсіресе, экономика саласында белсенді дамып келе жатқанын жеткізді. Тараптар былтыр қол жеткізілген уағдаластықтардың, соның ішінде энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың орындалу барысын да талқылады.
Нұрсұлтан Тілектес
