Жазда балалардың қауіпсіздігі күшейтіледі
Ішкі істер министрі балалар лагерлерін террористік қаупі жоғары нысандардың тізіміне енгізуді ұсынды. Ержан Сәденовтің айтуынша, қазір жазғы демалыс орындарындағы күзеттің нақты стандарты жоқ. Ал арнайы тізімге енген соң балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынбақ. Одан бөлек министрлік «Назар аудар, балалар!» атты жедел алдын алу шарасын бастаған. Оның негізінде мектептер мен жазғы демалыс орындарының маңайындағы бақылау күшейтіліп, оқушылар көп жүретін жолдағы инфрақұрылым қайта жаңартылады. Ал Премьер-министр балаларды басқа елді мекендерге тасымалдау кезіндегі жаңа талаптардың енгізілетіндігін айтты.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Спортшы оқушылар мінген көліктердің жол апатына түсіп, қайғылы жағдайларға алып келгені баршаға аян. Сондықтан тиісті келісу, рұқсат болмаса және патрульдік полиция бастап жүрмесе, спортшы балалардың өз елді мекендерінен тыс жерге шығуына жол бермеуді тапсырамын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22