Өскемендегі өндіріс орнынан ауаға хлор тараған
Бүгін Өскемендегі Согра шағын ауданындағы мектеп оқушылары қашықтан уақытша оқуға көшірілді. Себебі сол маңдағы Титан-магний комбинат аумағында ауаға қою сары түтін тараған. Экологтар мен басқа да құзырлы мекеме өкілдері шұғыл тексеріс жүргізді. Мамандар комбинаттың №3 хлорлау қондырғысында бір бөлшек құлап, түтін құбыры бітеліп қалғанын анықтады. Бірақ ауа құрамындағы хлор шекті деңгейден аспаған. Қазір кәсіпорын қалыпты жұмыс істеп тұр.
Елена Березинская-Әбілова, экологиялық қорғау бюросының жетекшісі:
Осы оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылып, облыстық әкімдікте шұғыл отырыс өтті. Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отыр. Экология Департаменті қажетті сынамаларды алып, тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында бүгін Согра шағын ауданындағы мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12