Осыдан бірнеше минут бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин арасында келіссөздер басталды. Телефон әңгімесінің басты тақырыбы – Украинадағы соғысты тоқтату.
CNN телекомпаниясының дерегінше, Путинмен тілдеспес бұрын Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен сөйлескен. Трамп Путинмен хабарласқаннан кейін Зеленскиймен және НАТО елдерінің лидерлерімен қайта сөйлеседі.
Бүгін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс айтқандай, Трамп Путинге «соғысты тоқтатуға шын ниеттісіз бе?» деген сауал қоймақ.
Айта кетсек, қаңтарда қызметіне кіріскелі Құрама Штаттар лидері Путинмен екі рет телефон арқылы келіссөз жүргізді: ақпанның 12-і мен наурыздың 18-де. Алайда тараптар арасында бетпе-бет кездесу туралы келісім әлі күнге дейін жасалмай отыр.
Арыстан Рысбек
