Елімізде «World Skills Kazakhstan – 2025» чемпионатының облыстық кезеңдері басталды. Қарағандыда сайыстың ашылу рәсімі «Жұмысшы мамандықтар жылы: болашақ шеберлікте» атты форуммен қатар өтті. Биыл сайыс барысын тек аймақтық сарапшылар ғана емес, Қытай елінен келген арнайы маман да қадағалайды. Жарысқа түскен 39 колледждің 286 студенті 40 мамандық бойынша бақ сынамақ
Диас Ынтықбай, студент:
Бүгінгі жарысқа үлкен дайындықпен келдік. Менікі жеңіл көліктерге қызмет көрсету. Соларды жөндеп ақауларын анықтау. Жұмысшы мамандықтын өз ерекшелігі бар. Ақшасын да, қызығын да табатын кездері бар. Оны тек түсіне алған адам ғана істей алады.
Жұмысшы мамандықтарды насихаттайтын чемпионат Ақтөбеде де бастау алды. Жобаның өңірлік кезеңіне облыстағы 30 кәсіптік-техникалық оқу орнының 300-ге жуық студенті қатысып жатыр. Шара барысында құрылыс, медицина, автокөлік жөндеу, дизайн, тігін сынды 42 мамандық бойынша көшбасшылар анықталады. Жарыстың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін 50-ден аса сарапшы тартылды. Жарыс жеңімпаздары Астана қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan – 2025 чемпионатына жолдама алады.
Жандос Бақытұлы
