Экс-президент Джо Байденнен қатерлі ісік анықталды
АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденге қуықасты безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылды. «Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша аурудың агрессивті түрі анықталған. Дерт ағзаға таралып, сүйекке метастаза берген. Дегенмен оны гормоналды терапия көмегімен емдеуге болады. Джо Байден мен оның отбасы қазір емдеу жолдарын дәрігерлермен бірге талқылап жатыр. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп бұл жаңалыққа көңілі құлазығанын айтып, Байденнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04