Атырау облысында көне фотоаппараттарды сақтаған фототілші тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Атырау облысында көне фотоаппараттарды сақтаған фототілші тұрады

Атырау облысында көне фотоаппараттарды сақтаған фототілші тұрады

Атырау облысы Қызылқоға ауданында Кеңес Одағы кезінде кеңінен қолданылған көне фотоаппараттарды сақтаған фототілші тұрады. Мамандығына адал Жасқайрат ауылының тұрғыны Амантай Сарбухиев құрылғыларын сол күйі ұқыпты ұстаған. «ФКП» маркалы пластикалық камерасы 1983 жылдан бері жәдігерлер қатарына қосылған. Бұдан бөлек, тағы бірнеше аппараттың тілін меңгерген тілші жөнінде монолог-сюжетке зер салайық.

Амантай Сарбухиев – ардагер фототілші:

Мектеп бітірген жылдары, 1975 бітірдім, содан бір жыл бригадада болдым. 77-де оқуға барып, училище бітіріп келдім. Фотограф бар, шаштараз бар – түрлі мамандық. Соны бітіріп келгеннен кейін ауылға келіп, еңбек еттік. Осы мамандық бойынша 77-ден бастағаннан 90-ға дейін жасадық. Кезінде таптырмайтын өнер, іс болды. Газеттерге фототілші болдық. Коммунизм таңы газеті болды сол кезде. Қайрош Қабдешов деген ағаларымыз фототілші боп жүрді. Осы кісімен бірге жүріп, түрлі жерді аралап, суретке түсіріп, сұхбат алып... Қазіргі жастар көбі білмейді мұны. «Бұл не нәрсе?» – деп сұрайды көбі. Бұл аппараттар – естелік. Мұражайда тұратын болар енді. Басқа қолданысқа келмейді-ау деп ойлаймын. Өйткені қазір заманауи құрылғылар шығуда. Бұлар енді қазір жәдігер боп қалады, біздің кезде құнды болғанымен. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт 

Бөлісу