Елімізде жыл басынан 329 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл басынан 329 адам коронавирус жұқтырған

19.05.2025

Елімізде жыл басынан 329 адам коронавирус жұқтырған. Бұл былтырмен салыстырғанда 4 есе аз. Десе де, арқаны кеңге салуға болмайды. Өйткені Оңтүстік-Шығыс Азияда, атап айтсақ, Гонконг және Сингапурда жұқпалы ауру қайтадан белең алған. Наурыз айында аталған елдерде ковидке шалдыққандардың саны 11 есеге артып, қазіргі көрсеткіш 2024 жылдың тамыз айындағыдан асып кетті.

Ал Қазақстанда жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын елде алдын алу шаралары мен бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, әлемнің біршама елінде және Қазақстанда Омикрон штаммы анықталған. Оның белгілері: бас ауырып, жөтел қысып, тыныс алу жолдары зақымданады.

Сондықтан министрлік адам көп шоғырланатын орындарда жүрмеуге, жедел респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен қарым-қатынастан аулақ болуға, науқастармен немесе олардың жақындарымен тікелей байланыстан кейін қолды жиі жууға, үй-жайларды үнемі желдетіп отыруға және ауру белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу