Осы аптада елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтті. Мақсат – жастар арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікті арттыру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен адам иммун тапшылығы вирусының таралуын түсіндіру.
Бұл бағытта сауат ашу ниеті – өте дұрыс. Өткенде сенатор Нұртөре Жүсіп жасөспірім қыздар арасындағы жүктіліктің көбеюіне алаңдаған депутаттық сауалында Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасаған.
Соңғы 5 жылда 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында туу көрсеткіші шамамен 1,5 есеге артқан. 2023 жылы 5094 қаршадай қыз босанған. «Адамдықты надандықтың жеңгені ме?» - деген еді сенатор.
Сонымен бірге елімізде аурулардың «жасарғаны» байқалады. Жап-жас адамдардың жүрек-қан тамырлары аурулары, сүйек кемуі тағы басқа ауруларға шалдығуы таңсық болмай қалды. Ал 6-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 18 пайызында артық салмақ бар.
Олардың алты пайызы семіздікке шалдыққан. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі. Сонда еліміздегі әрбір үшінші бала дұрыстап жүгіре де алмайды деген сөз.
Бізде денсаулыққа қарау мәдениеті қалыптаспаған. Раушан Сайлауқызының материалы.
