Шалқар ауданында балаларға арналған бірегей оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалқар ауданында балаларға арналған бірегей оңалту орталығы ашылды

17.05.2025

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында балаларға арналған бірегей оңалту орталығы ашылды. Жобаға «Қазақстан халқына» қоры қолдау көрсетіп, 181 млн теңгеден астам қаржыға заманауи құрал-жабдықтар алып берді.

Енді бұл жерде жыл сайын Шалқар, Байғанин және Ырғыз ауданындағы нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар 600 бала емделеді. Яғни, облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Мекеме Шалқар аудандық ауруханасының базасында орналасқан. Ғимаратты жөндеп, жобаға лайықтау жұмысына облыс әкімдігі қолдау білдірді. Маман жеткілікті. Неврологтар, оңалтушылар, логопедтер, дефектологтар мен өзге де қызметкерлер алдын ала біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Орталықта инновациялық жаттығу кешендері, тұз шахтасы, сенсорлық бөлме және гидротерапия жүргізуге арналған бөлме де бар.

 Елубай Төлепбергенұлы, Шалқар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Соңғы технологияның жетістіктерімен жабдықталған, құралдармен қамтылған. Біз бәрін аралап көрдік. Таныстырды. Бұл мемлекеттен бөлінген 342 млн ақшаға біздің Шалқар қаласында 233 баланы қамтиды және жақын елді мекендерді, басқа аудандарды да қамтиды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу