Елордада Парламент Сенаты мен Ұлттық Банк бірлескен оқыту курсын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Парламент Сенаты мен Ұлттық Банк бірлескен оқыту курсын бастады

17.05.2025

Елордада Парламент Сенаты мен Ұлттық Банк ұйымдастырған бірлескен оқыту курсы басталды. Жоба ақша-несие саясатына қатысты сараптамалық білімді арттыруға бағытталған. Алғашқы дәрісті Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов өткізді. Олар ұлттық және жаһандық экономикадағы реформалар, макроэкономикалық саясат және аналитикалық жұмыстың маңызы жайында сөз қозғады. Курс аясында сұраныс пен ұсыныс теориясы, нарықтық тепе-теңдік, макроэкономикалық көрсеткіштер және халықаралық тәжірибе талданады. Төрт аптаға созылатын оқыту бағдарламасына 40 тыңдаушы қатысуда. Олардың қатарында Сенат жанындағы сарапшылар клубының мүшелері, талдау мектебінің түлектері және монетарлық саясатқа маманданған журналистер бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті жою қажет екенін бірнеше рет атап өтті. Мұндай шаралар нақты деректерге, терең талдауға және сапалы сараптамаға сүйенуі керек. Осыған байланысты басталған оқыту курсы – Ұлттық Банктің шешімдері қалай қабылданатынын, олардың инфляция, инвестиция, жинақ және экономикалық өсімге қаншалықты әсер ететінін түсінуге, осы бағытта тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік екені анық.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу