Елімізде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Оқушылардың бабы мен бағы сыналатын сәт. Биыл елдегі білім ошақтарынан 217 мыңға жуық түлек түлеп ұшса, соның 85 пайыздан астамы басты сынақтардың бірінен өтуге ниет білдірген. Алғашқы күннің нәтижесі бойынша үш оқушы ең жоғары - 132 балл жинады. Олар Алматы, Қызылорда және Атырау облыстарының түлектері.
ҰБТ-ның алғашқы күнінде ел бойынша 4500-нан астам оқушы тест тапсырды. Бірнеше мүмкіндік болғандықтан болар, бұрынғыдай абыр-сабыр, қарбалас жоқ қазір. Ақ жейде киіп, классикалық үлгіде жүрген ұл-қызды да көрмедік.
Ернұр Жұмабай, талапкер:
Өзім енді құқық негіздері мен дүниежүзі тарихты таңдағанмын. Өзім экономикалық қауіпсіздік мамандығына барайын деп жатырмын. Бұған дейін 80-90 балл жинап жүргем. Қазір 100-110 балл жинауға үміттенемін. Қатты бір қобалжу жоқ. Бірақ жауапкершілік бар.
Түлектердің басым көпшілігі «Математика-Физика» және Математика-Информатика» пәндерін таңдаған. IT саласының дамуы мен техникалық бағытта грант санының көбейгені оқушылардың шешіміне әсер етті,-дейді мамандар. Одан кейін Биология мен Химияға бет бұрып, ақ халатты кигісі келетіндер көбейіпті. Ал жалпы биылғы грант саны былтырғымен шамалас.
Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитетінің төрағасы:
Бакалавриатқа 77 мыңнан астам грант, магистратураға 10 мыңнан астам грант, доктарантураға 3 мыңға жуық гран бөлінді. Инженерлік мамандарға сұраныс көп. Жаратылыстану мамандарына, құрылысы саласына, өңдеу саласына және ғылыми бағыттағы мамандықтарға сұраныс бар.
Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде ешқандай өзгеріс жоқ. Әдеттегідей 5 пән, 120 сұрақ. Сан сауалға жауап беру үшін 4 сағат уақыт беріледі. Аппелициялық шағым түсіретіндер де азайған. Бұрын тарих пәнінің сұрақтарына қатысты жиі дау болатын. Қазір оны да бір жүйеге келтірдік дейді,-жауаптылар. Енді түлектерден тек адалдықты талап етіп отыр.
Болатбек Әбдірасілов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
Бүгін енді бірінші күн ғой. Мынау академиялық адалдықты сақтау керек. Себебі былтыр 400 ге жуық тестке қатысушылардың нәтижесін жоюға тура келді. Себебі олар кірген кезде әр түрлі жаңағы қолына электрондық девайстарды, телефонды жасырып, браслет дима ++сондай сондай мәселелерге көбірек ата-аналар, тестке кіретін балаларына сондай бір ақыл жақсы берсе дұрыс болады деп ойлаймын.
Ернұр Медет, тілші:
Маңызды науқан 7 шілдеге дейін жалғасады. Осы аралықта оқушылардың тестті екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Сол екі мүмкіндіктің ең жоғарғы нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады. Бұл түлектердің психологиялық күйзелісін жеңілдету үшін жасалған қадам.
Ернұр Медет
