Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың негізгі институтына айналды
Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың негізгі институтына айналды. «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кеңейтілген отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Ассамблея жастармен жұмысты күшейтіп, келісім мен диалог саясатының сабақтастығын қамтамасыз етуі қажет. Ал Парламент бұл жұмыстарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Палата төрағасы ассамблеяның 2030 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасын талқылау алаңын депутаттар ұсынуы керек деді. Сонымен қатар, VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайындықтың маңыздылығына тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Біздің ортақ міндетіміз – Президент айқындап берген елімізді жан-жақты дамыту стратегиясын қолдау. Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық институттарының, мемлекеттік құрылымдардың, депутаттық корпустың және қоғамымыздағы барлық конструктивті күштердің белсенді қолдауы мен қатысуының арқасында біз тұрақты, әділетті, әлеуметтік және инклюзивті Қазақстанды құра аламыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22