Алматыда тұңғыш рет жас зерттеушілер форумы өтті. Іс-шара – мектеп оқушылар арасында ғылымды кеңінен дәріптеп, технологияның тілін жетік меңгеруге бағыттайды. Шараның нәтижесінде Ұлттық ғылым академиясы жанынан жас зерттеушілер академиясы құрылады дейді ұйымдастырушылар. Жеткіншектердің мамандық таңдауына жол сілтейтін, тың идеялар тоғысқан форумға еліміздің әр түкпірінен 400-ден аса оқушы қатысты. Олар жаратылыстану, медицина, ғарыш, ауыл шаруашылығы, робототехника салаларына бейімделген ғылыми жұмыстарын көпшілікке таныстырды. Мәселен мұнда топырақтың құнарлығын арттырып, пайдалы өнім алуды алдын ала зерттейтін дрондар бар. Ал мынау – көптің назарын аудартқан өрт сөндіретін робот. Ол өрт шыққан кезде дереу сөндіріп, қызыл жалынның алдын алады.
Райымжан Әлімжан, оқушы:
Мен осы өрттердің қалай алдын алуға болады деген оймен осы роботты жасаған болатынмын. Бұл роботты ойластырып, толықтай жинауға алты ай уақыт кеткен. Бұл робот ордиона платформасынан жасалған. Үш жалын сенсорлары, газ сенсорлары бар. Егер ол өрт көрген жағдайда, өртке қарай жүріп, өртті сөндіріп, бірден адамдарға хабарлайды және камера арқылы қандай өрт екенін көруге болады.
Айдана Қуантхан
