Павлодарда құрылған қоғамдық бірлестік жемқорлықпен күреспек
Павлодарда «Қала құрылысы кеңесі» қоғамдық бірлестігі құрылды. Жаңа ұйым жергілікті атқарушы билік және бақылаушы органдарға көмекші ретінде жұмыс атқарады. Бастысы тек қана құрылыс пен қала сәулетіне ғана қатысты емес, басқа саладағы сыбайлас жемқорлық мәселесін түгел қамтымақ. Әсіресе бұрын заңсыз жекенің меншігіне өтіп кеткен стратегиялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару басты бағыттардың бірі дейді ұйымдастырушылар. Мәселен осыдан 7-8 жыл бұрын қалалық саябақ аумағынан гектарлап жер алған кәсіпкер әлеуметтік маңыздағы нысан саламын деп уәде берген еді. Қазір ол сақалды құрылысқа айналды.
Нұргүл Қайырденова, «Қала құрылысы кеңесі» ҚБ атқарушы директоры:
Ол жерде саябақ болды. Ол жерді қалай бөліп, жеке қолға өтіп кетіп тұр? Ол жерде қазір аквапарк салынып отыр. Жеке меншік. Енді оның қасына тағы ресторан саламыз дейді. Менің ойымша бұл заңсыз. Ол деген жалпы халықтың жері. Оны жеке қолға бөліп-жарып беруге болмайтұғын-ды. Халық банкі бар. Ол да кезінде дұрыс салынбай кеткен.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16