Жамбыл облысында Қырғызстанға мал айдаған барымташылардың жолын кесті
Жамбыл облысы, Меркі ауданында екі жүзге жуық сиырды Қырғызстанға асырмақ болғандардың жолы кесілді. Бірақ 70-ке жуық асылтұқымды ірі қараны алдына салып айдаған күдіктілер бой тасалап үлгерген.
Тағы бір топ Мақпал тауында 111 бас сиырды көрші елге жөнелтпек болған. Мал-мүлік ұрланған, не егелерінің өзі саудаға салған болуы мүмкін. Жалпы аймақта жыл басталғалы 400 бас мал тау үстінде тәркіленген. Заңсыз мал айдаудың тыйылмауына көрші елдерде ет бағасының екі есеге қымбаттауы себеп. Баға әсіресе Қырғызстан мен Өзбекстанда шарықтап тұр.
Мақсат Шәкенов, Мемлекеттік шекараны күзету бөлімінің басшысы:
Рейдтік шаралар ұйымдастыру барысында «Түйе қарын» шатқалында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізуге дайындалған 64 бас ірі қара мал анықталды. Қазіргі уақытта иелерін және күдікті адамдарды ұстауға процессуалдық шаралар ұйымдастырылуда.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05