Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушысы атанды
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майын экспорттаушылардың үздік ондығына кірді. Соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майы өндірісі 2,5 есе, ал экспорт көлемі 4,8 есе артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік күнбағыс майын экспорттаушыларының ішінде 8-орынға шығып, Еуропалық Одаққа жеткізушілердің үздік үштігіне енді. Сондай-ақ, май, ұн және торт өнімдерінің экспортын екі есе арттыру көзделген. Бұл үшін бидайдан майлы дақылдарға, әсіресе күнбағысқа басымдық берілмек. Қазақстан бүгінде өнімін Орталық Азия мен Қытайға экспорттап отыр, алдағы уақытта Таяу Шығыс елдеріне де шығарылмақ.
Нұрлан Құлбатыров, «Qaztrade» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары:
Бүгінгі таңда өзіңіз білетіндей 500 млн АҚШ долларынан асты қазақстандық экспорттық көлемі. Біз мұны екі есе көбейтуге болатын мүмкіндік бар екенін кеше алты зауытты қарағанда біз көзіміз жетті. Жақын арада біз екі есе көлемді көбейтетін болсақ, 1 млрд АҚШ долларына жеткізуге біздің қауқарымыз бар.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29