АҚШ президенті Дональд Трамп Абу-Дабиге барды
АҚШ президентінің Таяу Шығысқа сапары жалғасып жатыр. Бірнеше сағат бұрын Дональд Трамптың ұшағы Біріккен Араб Әмірліктеріне қонды. Абу-Дабиде Америка лидері жергілікті басшылармен кездесті. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, әмірліктер Құрама Штаттардың көмегімен жасанды интеллект бойынша әлемнің жетекші еліне айналуды көздейді. Сол мақсатпен Парсы шығанағындағы монархия биылдан бастап АҚШ-тың Nvidia компаниясынан жылына 500 мың чип импорттауға ниетті. Таяу Шығысқа төрткүндік турнесінде Трамп ең алдымен Сауд Арабиясында болып, бұл корольдікке 142 миллиард доллардың қаруын сату туралы келісімге қол қойды. Ал Саудия АҚШ-қа 600 миллиард доллар инвестиция салуға міндеттеме алды. Америка президенті Қатар үкіметімен де экономикалық ынтымақтастық туралы мәмілелер жасасты. Оның жалпы сомасы 1,2 триллион доллардан астам.
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы