Алматылық дәрігерлер жүректе сирек кездесетін ісікті алды
Алматылық дәрігерлер 28 жастағы науқастың жүрегінен қатерсіз ісікті алып тастады. Көлемі 6 да 4 сантиметр болатын ісік сол жақ жүрекшесінің ішінде орналасып, қозғалып, жүрек қақпақшасының жұмысына кедергі келтіріп тұрған. Содан болар науқас ентігіп, дем жетпей келді дейді дәрігерлер. Эхокардиография нәтижесінде науқастың дерті асқынғанын мамандар бірден анықтап, шұғыл ота жасауды ұйғарған. Операция үш сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Қазір емделушінің жағдайы жақсы, дәрігерлер бақылауында.
Нұржан Мүсірепов, Алматы қалалық кардиология орталығының бөлім меңгерушісі:
Операция жасанды қан айналым арқылы жасалды. Жүректі тоқтатып жасадық. Өйткені жүректің ішіндегі қатерлі ісікті – ең маңыздысы толық алып тастау болды. Бұл қатерлі ісік өте жұмсақ. Мармелад сияқты. Инструменттермен ұстаған кезде қатерлі ісік өте бөлініп кету қаупі болды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17