Сенат аквашаруашылық туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Сенат аквашаруашылық туралы заңды кері қайтарды. Маңызды құжаттың жетілдіретін тұстары бар. Мәселен табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу, су айдындары мен учаскелерінде тек Қазақстан заңдарымен ғана тыйым салу және шаруашылықтарды аквашаруашылық тізіміне енгізу тәртібін нақтылау сынды баптарды қайта қарау керек. Сондықтан заң жобасы Мәжіліске қайтарылды. Айта кету керек, заңға асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту, инвестициялық салымдар кезінде шығынның бір бөлігін өтеу, су беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу, несие берерде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау сынды бірқатар қолдау шаралары енген.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Салаға жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың құзыреттері де нақтыланды. Аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік ынталандыру және инвесторларға қолайлы жағдай жасау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Заңдарды қарау барысында сенаторлар бірқатар ұсыныс берді. Алдағы уақытта қаралған заңдар еліміздегі аквашаруашылықтың орнықты дамуына тың серпін береді деп сенеміз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19