Астана қаласының полиция қызметкерлеріне күніне шамамен 3500 шақырту келеді. Оның 70-80 пайызына патрульдік полиция қызметкерлері шығады. Әріптесіміз Темірлан Нұржанұлы тәртіп сақшыларының кешкі ауысымдағы жұмысымен танысты.
Әнуар Оразғали, ҚР ІІМ Полиция полкінің қызмет инспекторы:
Қазіргі таңда біз жол жүру ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әртүрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында кешкі патрульде қызмет атқарып жатырмыз. Түрлі шақыртулар мен жағдайлар болады. Олардың барлығын алдын аламыз.
Асхат Жұмағалиев, ҚР ІІМ Полиция полкінің командирі:
Патрульдік полиция полкі тәулік бойы, екі ауысымда демалыссыз қызмет атқарады. Күніне 160-тан астам автопатруль және 32-ден 59-ға дейін жаяу жасақ қызметке шығады.
Жұмабек Ақмолда, ҚР ІІМ Полиция полкінің қызмет инспекторы:
Патрульдік көліктің багажнигінде жезл, Дегтерев жібі, круг, жилет және аптечка сияқты қажетті құралдар бар. Бұл құралдар бағдаршамдар сары түске ауысқанда немесе өшіп қалғанда, сондай-ақ төтенше жағдайларда қолданылады.
Әнуар Оразғали, ҚР ІІМ Полиция полкінің қызмет инспекторы:
Жұмыс барысында самокаттар, велосипедтер, мопедтер тоқтатылады, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бір күнге шаққанда Астана қаласы бойынша 3000-3500 шақыртуға шығамыз. Олардың 70-80 пайызына патрульдік қызметкерлер барады. Мен өз жұмысымды жақсы меңгергенімнен қиындық көрмеймін. Бұл қызмет — Отан алдындағы борышым.
Темірлан Нұрсолтан
