Бүгін Ресей мен Украина делегациясы кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ресей мен Украина делегациясы кездеседі

15.05.2025

Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында Ресей мен Украина делегациялары арасында бейбіт келіссөздер өтеді. Бұл — 2022 жылдан бергі алғашқы ресми кездесу. Келіссөзге екі елдің министрлері қатысады. Сонымен қатар, мемлекет басшылары Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің де қатысу ықтималдығы жайлы ақпарат тарады. Бүгін Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Украина басшысының кездесуі жоспарланған.

Ресей делегациясының құрамына президент әкімшілігінің өкілі Владимир Мединский жетекшілік етеді. Ол Украинамен келіссөздер жүргізу үшін тағайындалған. Сарапшылар бұл келіссөздің маңызын атап өтіп, тараптар соғысты тоқтату бойынша нақты келісімдерге келуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Еске салайық, Ресей мен Украина өкілдері соңғы рет 2022 жылы наурыз айында Ыстанбұлда келіссөз өткізген. Одан кейін келіссөздер процесі тоқтап қалған еді.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу