Әлемнің «ең кедей президенті» 89 жасында дүние салды
Әлемнің «ең кедей» президенті атанған Уругвайдың бұрынғы лидері Хосе Мухика 89 жасында дүние салды. Ол елді 2009-2015 жылдар аралығында басқарды. Ал 1960-70 жылдары Мухика Куба революциясынан шабыт алып, әсіре солшылдар жағында үкіметке қарсы партизандық соғысқа қатысты. 6 рет жараланып, 14 жылын түрмеде өткізген. Президент кезінде Мухика күнкөріс үшін әйелімен гүл өсіріп, жалақысының 90 пайызын қайырымдылыққа аударған. Оның иелігінде шағын ферма мен 1987 жылғы «Фольсваген» көлігі ғана болды. Мамырдың 20-да 90 жасқа толуы тиіс экс-президенттің өңешінен бір жыл бұрын қатерлі ісік анықталған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02