Израильдің бүгін жасаған шабуылынан 70 адам қаза тапты
Cоңғы мәліметтерге сай, Израильдің Газа секторына бүгін жасаған шабуылынан 70 палестиналық қаза тапқан. Бұған дейін «Рейтер» палестиналық анклавтың оңтүстігіндегі ауруханада 28 адам мерт болғанын хабарлаған еді. Снарядтар Хан-Юнус қаласының еуропалық госпиталіне тиген. «Хамасқа» бағынышты азаматтық қорғаныс агенттігінің дерегінше, тағы ондаған палестиналық жараланды. Жергілікті дереккөздерге жүгінсек, Израиль авиациясы ауруханаға алты бомба тастаған. Куәгерлердің айтуынша, Израиль аурухананы ешқандай алдын ала ескертусіз бомбалаған.
Әбдулкәрім Әл-хомс, Газа денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері, куәгер:
Әріптестерімізбен аурухана отырдық. Өзім осы жерде жұмыс істеймін. Шай ішіп отырдық. Бір сәтте айналамыз өртене бастады. Бүкіл госпиталь отқа оранды. Жан сақтау бөлімінің қасына ракета түсті. Мына жағдайдан кейін бізде қауіпсіз жер қалмады. Алдын ала ескерту жасаса болмады ма?
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02