Пестицидтермен ластанған жерлер ұдайы бақылауда болады
Елімізде жүзден аса аумақ пестицидтермен ластанған. Бұл мәліметтер ұлттық инвентаризация кезінде анықталды. Бүгін Павлодарда ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен экологтар бас қосып, ластанған жерлерді қайта кәдеге жарату жолдарын талқылады. Жиында химиялық қосынды төгілген аумақтарды зерттеу, сынама алу, кешенді жұмыстарды жүргізудің заманауи әдістері үйретіледі. Бұл тренингтің Павлодарда өткізілуі кездейсоқтық емес. Себебі қаланың дәл іргесіндегі Атамекен ауылында бұрын агрохимиялық қойма болған. Дәл осы жер еліміздегі ең ластанған аумақтардың бірі болып саналады.
Әсел Рахымова, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басқарма басшысы:
Республикалық меншікке сот шешімімен өткеннен кейін экология министрлігі тарапынан ол жерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның халыққа зияны және жерге зияны, маңайында тұрып жатқан халыққа зияны бар деп айта алмаймын мен. Ол қалдықтар жойылады Республика меншігі бойынша.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16