Трамп Саудия үкіметінен 142 млрд доллардың қару-жарақ келісіміне қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Саудия үкіметінен 142 млрд доллардың қару-жарақ келісіміне қол қойды

14.05.2025

АҚШ пен Сауд Арабиясы қару-жарақ сату туралы тарихтағы ең ірі келісімге қол қойды. Оның құны – 142 миллиард доллар. Мұны Ақ үй хабарлады. Кеше Дональд Трамптың екінші мерзімдегі шетелге алғашқы ресми сапары басталды. Ол Сауд Арабиясында тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен кездесіп, осы корольдікпен АҚШ-қа 600 миллиард доллар инвестиция тарту туралы мәміле жасасты.

Ал Құрама Штаттар Саудияға «Боинг» ұшақтарын, газ турбиналарын, энергетикалық құрал-жабдықтарды экспорттап, озық технологияның негізгі түрлеріне миллиардтаған доллар инвестиция салады. Бұған қоса, кездесуде Трамп Сирияға жарияланған барлық санкцияларды алып тастауға уәде берді. АҚШ президенті Таяу шығысқа сапары аясында бүгін Қатарға, ал ертең Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарламақ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу