Ең үздік қолжетімді техникаларға өтудің 16 анықтамасы жазылды
ТМД және Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстанның «Жасыл» экономикаға өту қарқыны жоғары. Мамандар осылай дейді. Мысалы соңғы 5 жылда 16 сала бойынша ең үздік қолжетімді техникалардың анықтамасы жазылған. Бұдан бөлек, қалдықтарды мейілінше азайтып, оны кәдеге жаратудың концепциясы жасалмақ. Инновациялық технологиялық шешімдерге шетелдік сарапшылар да қызығушылық танытып отыр. Сондықтан, мамандар отандық жобаларды 29-30 мамырда өтетін Astana халықаралық форумында таныстырмақ.
Сәкен Қалқаманов, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы
Біз екі рет концепцияны жазып, биылдан бастап заңға өзгерістерді кіргізейін деп жатырмыз. Қалдықтармен үлкен концепциясын жасайын деп жатырмыз. Үлкен зауыт салынайын деп жатыр. Одан кейін мына үлкен индустриялық қалдықтарды қалай үнемдейміз. Олардан бірнеше өнім шығаруға болады. Тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Форумдарда осындай тәжірибемізді жариялаймыз деп ойлаймын.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17