Израильдің госпитальге соққысынан ондаған адам қаза тапты
Израильдің соққысынан Газа секторының оңтүстігінде 28 адам қаза тапты. Снарядтар Хан-Юнус қаласының еуропалық ауруханасына тиген. «Хамасқа» бағынышты азаматтық қорғаныс агенттігінің дерегінше, тағы ондаған палестиналық жараланды.
Жергілікті дереккөздерге жүгінсек, Израиль авиациясы госпитальге алты бомба тастаған. Алайда, еврей мемлекетінің армиясы емдеу мекемесінің астындағы «хамастық террористердің командалық орталығына» дәлдеп соққы бергенін хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, Израиль аурухананы ешқандай алдын-ала ескертусіз бомбалаған.
Әбдулкәрім Әл-Хомс, Газа денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері, куәгер:
«Әріптестерімізбен аурухана отырдық. Өзім осы жерде жұмыс істеймін. Шай ішіп отырдық. Бір сәтте айналамыз өртене бастады. Бүкіл госпиталь отқа оранды. Жан сақтау бөлімінің қасына ракета түсті. Мына жағдайдан кейін бізде қауіпсіз жер қалмады. Алдын-ала ескерту жасаса болмады ма?».
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16