Елімізде мейіргер мамандар жетіспейді.
Елімізде мейіргер мамандар жетіспейді. Әсіресе ауылдарда өзекті болып тұр. Дәрігердің көмекшісі саналатын сала қызметкерлері, тіпті жоғары санаттағы мамандардың бірқатар міндеттерін орындайды. Жұмыс жауапты болғанымен жалақысы төмен. Сондықтан бұл мамандыққа барғысы келетіндер де азайып бара жатқандығы байқалады. Тек Семей медицина университетіне жылына 200-ден астам ғана студент қабылданады. Бұл тым аз. «Халықаралық мейіргерлер күні» Семей медицина университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда саладағы осы сынды мәселелер талқыланды.
Жанаргүл Смаилова, «Семей медицина университетінің» академиялық және тәрбие жұмысы бойынша проректоры:
Клиникалық стандарттар бойынша олардың біліктіліктерін арттыру, жалпы міндеттерін кеңейту қарастырылып отыр. Сондықтан да қазір мейіргерлерге қойылып отырған талап өте үлкен және олардың санын көбейту өте өзекті мәселе болып отыр. Өйткені елді мекендерде осы орта буын қызметкерлерінің жетіспеушілігі байқалады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08