Атырауда жыл басынан бері жастар арасында 1500-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркелген
Атырауда жыл басынан бері жастар арасында 1500-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіш «Заң мен тәртіп» атты профилактикалық кездесуде айтылды.
Жиынға Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, заңды сақтау – әр азаматтың міндеті екенін еске салды. Мектеп оқушылары да жиынның пайдалы тұстарымен бөлісті.
Даниял Киікбай, оқушы:
«Қазіргі адамдардың көбі құқықбұзушылықтың не екенін білмейді. Өзін қалай қорғау керектігін де білмейді. Осындай жиналыстар осыны білу үшін жақсы деп ойлаймын».
Полиция өкілдері мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға септігін тигізетінін атап өтті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16