Еуропарламент су ресурстарына қатысты стратегия ұсынбақ
Еуропа аумағының 20 пайызында жыл сайын су тапшылығы сезіледі. Бұл - Еуропаның қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметі. Мәселені соңғы жылдары климаттың өзгеруі, қуаңшылық қиындата түскен. Осыған орай Еуропарламент маусымда тұрақты су ресустары стратегиясын ұсынбақ. Құжатта суды үнемдеу жүйелерін дамытуға, дұрыс пайдалануға, бұл салаға ауқымды инвестиция тартуға, инновацияны дамытуға көңіл бөлінеді. Еуропарламенттің стратегиясына сай, судың ластануымен күрес, су тазарту құрылғыларын жетілдіру де маңызды. Бұл бастамаларға косметикалық және фармацевтикалық компаниялардың қаржысын тарту көзделген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02