Жас композитор Еуропаны тәнті етіп жүр
Желіде тарап кеткен бұл бейнеүзікті сіз де көрген боларсыз. Жас жігіттің есімі Нұрәли Бейсеқожа. Белгілі қазақстандық композитор. Ол шетелге шығармашылық концерт беріп, бейнебаян түсіру үшін барған. Ал мейрамханалар мен сауда орталықтарында өнер көрсету тек эксперимент үшін жасалғанын айтады. Видеодан 19 жастағы отандасымыздың өнерін Еуропа жұрты ерекше ықыласпен тыңдағанын көруге болады. Нұрәли Бейсеқожа 4 жасынан бастап фортепианода ойнайды. Қазір 300-ден астам авторлық шығармасы бар.
Нұрәли Бейсеқожа, композитор:
Еуропа елінде сауда орталығында көп аспаптар тұрады. Адамдар музыканы өте қатты жақсы көреді. Сол үшін мен ойладым, халық менің шығармаларымды қалай қабылдайды. Шығарманы орындағаннан кейін көп адамдар қасыма келіп, мынау сенің шығармаң ба? Қай жақтан боласың деген сұрақтар көп болды. Елге оралғанша осы экспериментімізді жалғастыра береміз. Ең бірінші мақсатымыз ол елімізді таныту. Қазақстанның атын шығару мен үшін үлкен мәртебе.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29