Ақтөбеде екі адамды өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды
Ақтөбеде бір үйдің үш адамын кепілдікке алып, кейін екеуін өлтірді деген күдіктіге қатысты тергеу аяқталды. Іс сотқа жолданды.
Бұл жантүршігерлік оқиға биыл қаңтар айында, облыс орталығындағы жеке үйлердің бірінде болды. Белгісіз біреу 40 жастағы әйел мен оның ата-анасын кепілдікке алған еді. Күдіктінің нақты талабы болмаған. Бірнеше сағатқа созылған келіссөз нәтиже бермеген соң, арнайы жасақ басып кіріп, оны қолға түсірді. Кейін күдікті әйелдің ата-анасын ауыр жаралап, жертөлеге тастағаны белгілі болды. Олардың бірі ауруханаға барар жолда, екіншісі ота үстелінде қайтыс болды. Бұл іс үш ай тергеліп, сотқа жолданды.
Әсел Мәлікова, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:
Облыс прокуратурасымен іс ерекше бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды. Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 126-бабының 2-бөлігінің 3,4 тармақтары және 107-бабының 1-бөлігі, яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04