Қостанайда британиялық ғалымдар көне жәдігерлерді зерттеп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда британиялық ғалымдар көне жәдігерлерді зерттеп жүр

12.05.2025

Британиялық ғалымдар Қостанайда табылған көне дәуір ескерткіштерін зерттеп жатыр. Айтуларынша, металл өндірісі іздерінің Қазақстанда табылуы – архелогия ғылымындағы тың жаңалық. Себебі бұған дейін қола дәуірінде дала халықтары мұндай бұйымдарды тек тасымалдаған, деп саналды.

- Бұл сол дәуірдегі тұрғындардың өздері жасаған бұйым ба?
- Құрамы мен белгілеріне қарап болжасақ, бұл жергілікті технологияға ұқсамайды, Батыс өңірінен келген.

Мәдина Нағашыбай, тілші:

Мына қазан 2017 жылы Қаратомар қорымынан табылып, сол кезде ғалымдар үлкен тарихи жаңалық ашқан болатын. Алайда жергілікті ғалымдардың қазанның құрамын толық зерттеуге мүмкіндігі болмай, 8 жыл бойы мұражайды тұрған. Ал қазір британиялық ғалымдар оны арнайы құралмен әп сәтте анықтап, тіпті Батыс елінің бірінен келген деген болжам жасап отыр.

Ирина Шевнина, археолог:

Біз осы уақытқа дейін оны түсіне қарап болжап, қоладан жасалған деп ойладық. 99% пайызы мыс боп шықты, яғни бұл одан да көне, мыс-тас дәуіріне жататын жәдігер. Бұл Қазақстан даласының сол заманда-ақ өркениеттің көші өтетін тоғыз жолдың торабы болғанына тағы бір дәлел.

Ал 2021 жылы қазба жұмыстары қайта жаңғырған Қамысты қонысында пештер мен қазандықтар, құдықтардың орны табылды.

Яғни бұл сол заманда тұтас өндіріс нысандарының болғанына дәлел. Ғалымдардың айтуынша, тарихи жер металлургтердің қалашығы саналған.

Миляна Радивоевич, Ұлыбритания UCL археология институтының докторы:

Бұған дейін Батыс ғылымында қола дәуіріндегі дала халықтары металл өңдеумен айналыспаған, тек тасымалдаған деген көзқарас қалыптасқан. Бірақ біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен өңделген бұйымдарды тауып, зерттеп жатырмыз. Мұндай ауқымда металл өңдеу ісі бұған дейін Еуропада болмаған. Бұл – археология әлеміндегі жаңа білім.

Қостанайлық ғалымдар металл қалдықтардың құрамын 3 жыл бойы зерттеген. Ал радиация арқылы жұмыс істейтін RAF құрылғысы арқылы нақты кен өндіру орнын жақын арада анықтамақ. Әзірше Орталық Қазақстан немесе Ресей мемлекетінің бірі болуы мүмкін деген болжам бар.

Мәдина Нағашыбай

Хабарламаларға жазылу