Коронавирустың қай штаммы қауіптірек - министр жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың қай штаммы қауіптірек - министр жауап берді

06.04.2021
Коронавирустың қай штаммы қауіптірек - министр жауап берді

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа штаммдары туралы айтты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, «британиялық» штамм әлемнің 130, «онтүстікафрикалық» штамм 80 және «бразилиялық» штамм 45 елінде анықталды. Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында ел аумағында айналымда жүрген штамдарды зерттеп жатырмыз. Мәселен, наурызда республика аумағында «британиялық» және «онтүстікафрикалық» штаммдардың айналымы анықталды», - деді министр.

Оның айтуынша, «британиялық» штамм бастапқы штаммға қарағанда қауіптірек. Оны жұқтырған арасында ауруханаға жатқызылғандар көп әрі өлім-жітім қаупі де жоғары. «Бразилиялық» штамм өлім-жітімге әкеле бермейді. Дегенмен, ол COVID-19-дың бастапқы штамыына қарағанда жеңіл таралады.

«Коронавирустың «британиялық» штаммы  «онтүстікафрикалық» штаммға қарағанда 1,5 есе, ал «бразилиялық» штаммға қарағанда 2 есе жылдам таралады. Бұған қоса, репродуктивтілік саны 1,1-ден 1,9-ға дейін артуы мүмкін. Бұл аталған штаммдардың біртіндеп басым бола түсуіне әкеледі»,- деді Алексей Цой. 
коронавирус Үкімет

Хабарламаларға жазылу