Автогиганттар BMW, Mercedes-Benz, Volkswagen және немістің тағы 49 ірі компаниясы 1930 жылдары национал-социалистердің билігін нығайтуға үлес қосқандарын мойындап, жауапкершілік алатындары жайлы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Олар нацизмді айыптап, демократиялық құндылықтарды қолдайтындарын, дегенмен сол отызыншы жылдары режимге көз жұмудан пайда көргендерін мойындады. Енді бизнес жеккөрушілік пен кемсітушіліктің кез келген түріне қарсы тұруы керек деп отыр.
Осы күндері нацизмнің Германияда қалай пайда болғанын тағы бір рет еске түсіру артық емес. Иә нацизм, фашизм басқа елдерде де болды, бірақ ІІ дүниежүзілік соғыстың отын жаққан - Германия. Соған не итермеледі, қандай факторлар әсер етті?
Гитлердің идеясын жұрт неге қолдады?
Фашизм, нацизм енді бас көтере алмас деп ойладық. Олай емес екен. Дегенмен «қайталай аламыз» деп өз ата-бабаларының өсиетін бұрмалайтын есерсоқтардың үні түпкілікті өшетін күн бәрібір туар. Туады.
Тарихи шегіністі Данияр Қайыртай жасады.
