Атырау облысындағы Еркінқала ауылында мектеп оқушылары екі жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан. Бір баланың анасы жіберген видеоны Рүстем Баязиев деген блогер жариялады. Көрсең жаның түршігеді. Көкала қылып сабаған... Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Әзірге күдіктілердің нешеу екені белгісіз, қылмыстық іс тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Полицияның хабарлауынша, күдіктілердің бәрі бөлімшеге жеткізілген, бірақ олардың кәмелетке толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынбақ. «Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпараттар жарияланбайды» деген.
Ал Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы осы аптада жалғасты.
Айыпталушылардың арасындағы бұған дейін де заң бұзуға бейіл екенін көрсеткендердің пробация шарттарын сақтамағандары, кәмелетке толмағандардың көлік жүргізуге қақы болмаса да, руль тізгендегендері және алкоголь ішіп алып жүре алғандары, «бандиттік текетірестерге» араласқандары, тіпті өзін «бандит» деп атап, тұрғындарды қорқытқандары, тағысын тағы – бізде жазадан қорықпау атмосферасы қалыптасқанын байқайсың.
Иман мен этикаға барып тірелетін мәселелер де шығып жатыр. Мысалы, адам өліміне қатысы бар деп айыпталушылардың мәз-мейрам түрлері, прокурордың кәсібилік пен адамдық эмоцияны араластыруы. Әлгілерге «Не жырқыл?» деп айта алмайсың. Себебі өресі сол әрі бұл заңмен реттелетін дүние емес.
Сондай-ақ прокурордың куәгерге «4 балаңыз бар, түн ішінде ер кісілермен неғып жүрсіз?» - деген сұрақ қойғаны. Кәмелетке толған адамның түнде жүре ме, күндіз жүре ме және кіммен жүреді – тергей алмайсыз. Иә, мораль тұрғысынан алғанда сүйкімсіз қылық. Бірақ ол заң адамы қоятын сұрақ емес.
Бұл сот та қоғамдағы, мемлекеттегі «іріңге толы жаралардың» бірнешеуін кезекті рет көрсетіп отыр. Раушан Сайлауқызының материалы сол туралы.
