Өскемен көшелерінде Жеңіс әндері шырқалды
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемендегі филармония әншілері көшпелі концерт қойып жатыр. 30-дан аса әнші-биші төрт жүк көлігінің үстінде дайындалған сахнада соғыс жылдары жазылған әндерді шырқады. Сондай-ақ жиналған жұртқа майдан шебін еске түсіретін драмалық қойылымдар көрсетті. Соғыс ардагерлерінің есімі берілген даңғылдарды аралаған әншілер мен театр әртістері Әлия Молдағұлова аялдамасынан бастап Төлеген Тоқтаров, Ізғұтты Айтықов, Дмитрий Карбышев сынды бірнеше көшеде жеңіс әндерін шырқады. Мақсат – батырлар есімін ұлықтау.
Қуаныш Еркін, ШҚО филармония әншісі:
Бұл - Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен, қандай қантөгіспен, қандай маңдай термен келгенін ел мен жұртқа, халыққа, жерлестерімізге түсіндіру.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» - «Брюгге» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
20.01.2026, 20:39
Президент: Тәуелсіздіктің 35 жылдығын нақты істермен атап өтуіміз керек
20.01.2026, 20:37
Қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам
20.01.2026, 20:35
Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беріледі
20.01.2026, 20:33
Президент ұлт саулығын саудаға салғандардың әрекетін сынға алды
20.01.2026, 20:29
Ұлт болашағын айқындайтын маңызды жобалар іске асырылады
20.01.2026, 20:27
Су дипломатиясы – стратегиялық міндет
20.01.2026, 20:21
Президент үш қалада ЖЭО құрылысын тездетуді тапсырды
20.01.2026, 20:20