Ерлан Қошанов: Жеңістің 80 жылдығы бәріміз үшін қастерлі күн
II дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір төртінші қазақ майданға аттанды. Оның 500-і Кеңес Одағының Батыры атанса, жүзден астамы Даңқ орденінің иегері болды. Жеңістің 80 жылдығына орай Ресей Елшілігі ұйымдастырған шарада сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы осылай деді. Ерлан Қошанов қазақ жауынгерлерінің ерлігін жадымызда сақтаудың және мұндай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеудің маңыздылығына мән берді. Мереке қарсаңында Қазақстан бойынша шамамен екі мыңға жуық еске алу, ғылыми-зерттеу, ағартушылық және басқа да іс-шаралар өтпек.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Жеңістің 80 жылдығының біздің елдеріміз үшін тарихи маңызын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Бұл - бәріміз үшін қастерлі, тарихының тамыры тереңде жатқан айтулы күн. Себебі осынау сұрапыл жылдары әкелеріміз бен аталарымыз ортақ мақсат – Ұлы Жеңіс үшін батылдық пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті. Соғыстың салқын лебі шынымен әр қазақстандық шаңыраққа әсер етті.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35