Ордабасы ауданының Темірлан ауылында тұратын соғыс ардагері Қалмен Мұратұлын құқық қорғау органдары мен жас сақшылар арнайы барып құттықтады. Соғысқа 18 жасында аттанған жауынгер Беларусь майданында неміс басқыншыларымен шайқасқа қатысқан. Ал 1944 жылы Витебск маңында болған қырғында жараланып, госпитальға түседі. Осылайша елге ІІ топтағы мүгедек болып оралған.
Қарт майдангер кездесуге келген жас сақшыларға тарихтан сыр шертіп, оларға ақ батасын берді.
Қалмен Мұратұлы, соғыс ардагері:
«Бейбітшілік заман бола берсін. Құдай адамға соғыс бермесін. Соғыс — қиын мәселе, шырақтарым. Дендерің сау болсын. Ешқандай жаманшылық болмасын».
Айнұр Әбілқасымқызы
