Ауқымды шараға өңірден соғыс ардагері Алдаберген Қасымқанов пен екі тыл ардагері қатысады. Алыс жолға шыққан қарияларға жол бастап жүретін арнайы мамандар мен дәрігер де бірге барады. Ұлттық ұлан сарбаздары, оқушылар мен жергілікті билік өкілдері батырларға құрмет көрсетіп, салтанатты түрде шығарып салды.
Қасымхан Алдабергенов, соғыс ардагері:
«Жанын пида еткен, сонау майдан даласында қалған боздақтардың, аруақтардың атынан жастарға рақметімді айтамын. Заман қазір жақсы ғой. Жұмыс істесең — ақша табасың, ақша тапсаң — нан табасың. Бейбіт күн болсын!»
Мәдина Нағашыбай
