Израиль Газа секторын толық басып алуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газа секторын толық басып алуы мүмкін

06.05.2025

Израиль министрлер кабинеті Газа секторында кең ауқымды әскери операция жүргізуге дайындалып жатыр. Мақсат — палестиналық анклавты толық бақылауға алу, кіретін жүктерді тексеру және «ХАМАС» қозғалысына қарсы соққы беру.

Министрлер кабинетіндегі қатаң позиция ұстанған лауазымды тұлғалар бұл жоспарды қолдады. Олардың пайымынша, Трамптың жоспарына сәйкес, газалықтарды өз жерінен көшіру арқылы бұл аумақты курорттық аймаққа айналдыру мүмкіндігі туындап отыр. Дегенмен Израиль үкіметінің ресми өкілі мәлімдегендей, операцияның басты мақсаты — оккупация емес, ХАМАС содырларын жою.

Айта кетейік, бұл науқанға байланысты Израильде резервистер қарулы күштер қатарына шақырылып жатыр.

Алайда жоспар қоғам тарапынан бірыңғай қолдау тапқан жоқ. Иерусалимде халық шеруге шығып, премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға наразылық білдірді. Полициямен қақтығыстар орын алды.

Ифат Гадот, шеруге қатысушы:

«Біздің Биби — жемқор әрі қылмыскер лидер. Бұл соғыс оған билікте қалу үшін керек. Израильге шын жанашыр емес. Ол кепілдегі азаматтарды құрбан етіп, ұлдарымыз бен қыздарымызды Газаға соғысқа айдап жатыр. Сол жастар Нетаньяхудың тағы үшін қырылмақ».

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу