Украина Ресеймен арадағы атысты кез келген сәтте тоқтауға әзір. Президент Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді. Атыс тек мереке күндері емес, күн сайын болмауы тиіс деді Зеленский. АҚШ-тың наурыздағы ұсынысына сай, ол соғысты 30 күннен кем емес уақытқа тоқтатуға шақырды. Ол үшін Ресейге қысымды күшейту керек деді.
Путин: Украинамен татуласу - уақыт еншісінде
Ал Ресей президенті Владимир Путин болса, Украинамен татуласуға мүмкіндік бар екенін айтты. «Бұл уақыттың еншісінде» деді Кремль басшысы. Бұған қоса, Путин Украинамен соғыста ядролық қаруды қолданбайтынына үміт білдірді. Ресейдің мақсатқа жетуі үшін күші мен құралдары жеткілікті деді Ресей президенті.
Трамп: Ресей мен Украина арасында келісім жасалуы мүмкін
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп кеңесшілерінің таяуда Ресей мен Украинаға қатысты бірқатар тиімді талқылау өткізгенін мәлімдеді. Атысты тоқтату туралы келісім жасалуы мүмкін екенін де жеткізді. Трамптың айтуынша, келіссөздерге екі адам арасындағы өшпенділік қиындық тудырып отыр. Тағы бір сөзінде Ақ үй басшысы АҚШ президенті лауазымын 8 жыл атқаратынын, үшінші мерзімге сайланбайтынын мәлімдеді. Бұған қоса Трамп бұл мерзімнен кейін билікті басқа республикалыққа тапсыруды жоспарлап отырғанын айтты.
Арай Төлегенқызы
